12 жылға сотталған Хасан Қасымбаев апелляцияға жүгінді

26.11.2025, 14:52
287
12 жылға сотталған Хасан Қасымбаев апелляцияға жүгінді SMARTNEWS.KZ коллажы

Бопсалау мен адам ұрлау ісі бойынша сотталған Қасымбаев сот шешімін қайта қарауды талап етіп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, атышулы Хасан Қасымбаевтың қорғаушылары 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімін апелляцияға берді.

Адвокат Нариман Керуеновтің айтуынша, апелляцияны дайындауға 15 күндік мерзім бар. Қорғау жақ бірінші өтінішті кеше ғана тапсырған және арызды толықтыруды жоспарлап отыр. Үкім көлемі 56 беттен тұрады, сондықтан оны мұқият зерделеу қажет.

11 қарашада Талғар аудандық соты Қасымбаевты адам ұрлау, ауыр дене жарақатын келтіру және бопсалау ісі бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырды. Сол іс бойынша тағы бес тұлға да сотталды.

Хасан Қасымбаев өткен жылы қарашада 2021 жылғы маусымда жасалған қылмыстар бойынша – ауыр дене жарақатын келтіру және адам ұрлау күдігімен ұсталған. Кейін оған бопсалау айыбы да қосылды.

Қасымбаевтың есімі елге 16 жастағы Шерзат Болаттың Талғардағы өліміне байланысты кеңінен танымал болды. Жергілікті тұрғындар оны «Хуторские» қылмыстық топқа қатыстырады деп әлеуметтік желілерде талқылағанымен, ІІМ мұндай қылмыстық топ жоқ деп мәлімдеді және Қасымбаев баланың өліміне қатысы жоқ екенін айтты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды