Астанада автобустағы жанжал кезінде газ баллонын шашқан жігіт ұсталды
Полиция жолаушыны қамауға алды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада автобустағы жанжал кезінде 18 жастағы жігіт газ баллонын пайдаланып, жолсеріктер мен жолаушылардың тынысын тарылтты.
Полицейлердің мәліметінше, автобус ішіндегі жанжал таныстар арасында орын алған. Қақтығыс кезінде жас жігіт қарсыласына газ баллонын шашқан. Салдарынан жолаушылар жөтеліп, дем алуда қиындыққа тап болды.
Жүргізуші автобусты тоқтатып, салонды желдеткен, әрі полиция шақырған. Қиындыққа қарамастан, ешбір жолаушы медициналық көмекке жүгінген жоқ.
Күдікті анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке қамау жазасы тағайындалды.
Астаналық тәртіп сақшылары газ баллончик сияқты арнайы құралдарды қажетсіз қолданудың қоғамдық орындарда қауіпті екенін ескертті. Мұндай әрекеттер денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін және заң аясында қатаң жауапқа тартылады.
Полиция азаматтарға қауіпті құралдарды пайдалануда сақ болуға, жауапкершілікті сезінуге шақырды. Мұндай оқиғалар заң мен тәртіп аясында қатаң бақылауға алынатыны хабарланды.
Материал авторы