СҚО да 112,4 млрд теңге бюджет қаражаты заңсыз жоспарланған

26.11.2025, 15:34
411
СҚО да 112,4 млрд теңге бюджет қаражаты заңсыз жоспарланған @auditpalatasy

Өсім болғанмен, жүйелі кемшіліктер шаш-етектен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жоғары аудиторлық палата Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген қаражаттың және мемлекеттік активтердің қолданылуын тексеріп, нәтижесін жариялады.

Аудит өңірдің соңғы бес жылдағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде өсім барын көрсетті: жалпы өңірлік өнім 2020 жылдан бері 69%-ға ұлғайған, жұмыссыздық 0,4%-ға төмендеген, ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыс алатындардың үлесі 2,3 пайыздық тармаққа азайған. Тұрғын үй қоры да 600 мың шаршы метрге артқан.

Алайда оң динамикаға қарамастан, аудит өңірдегі өмір сапасына әсер ететін бірқатар жүйелі проблеманы анықтады.

Облыста халықтың табиғи өсімі құлдыраған, көшіп кетушілер саны жоғары. Білім саласында үш ауысымды мектептер мен апатты ғимараттар мәселесі шешілмеген. 17 мектепте спорт залы жоқ, 24 мектепте пән кабинеттері жеткіліксіз. Медициналық нысандардың 74%-ы тозған күйде.

Шағын және орта бизнес саны артқанымен, олардың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі төмендеген. ЖАП төрағасы Әлихан Смайылов көтерме және бөлшек сауда ұйымдарының табысы 100 млрд теңгеге азайғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін тежеп отыр және көлеңкелі айналымның күшейгенін көрсетеді.

«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында инженерлік инфрақұрылым жоқтығынан бірқатар нысан уақытында іске қосылмаған. Соған қарамастан, жергілікті бюджеттен маңызы төмен жобаларға — әкімшілік ғимараттарды жаңартуға 7,3 млрд теңге, театр құрылысына 7 млрд теңге — қаржы бөлінген.

38 тірек ауыл орталықтандырылған ауыз суға әлі қосылмаған. Салынған 79 нысанның 22-сі (10 млрд теңге) пайдаланушы ұйымдарға берілмеген. Жол және жолаушылар көлігі инфрақұрылымы да жүйелі бақылауды қажет етеді.

«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жұмысы 1 млрд теңге шығынға әкелген тиімсіз жобалармен ерекшеленген. Бухгалтерлік есепте 24 млрд теңгеден асатын бұзушылық анықталды. Мемлекеттік сатып алуда да 5,5 млрд теңге бір көзден сатып алу арқылы рәсімделген, қосалқы мердігерлік шектеулері сақталмаған.

Аудит қорытындысы бойынша:

– 28,3 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық тіркелді;
– 112,4 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланып, тиімсіз жұмсалған;
– 111 іс әкімшілік жауапкершілікке негіз болып, кейбір материалдар құқық қорғау органдарына жолданады.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан