ТШО шешімі Атырауды жарықсыз қалдыруы мүмкін. Депутат дабыл қақты

26.11.2025, 17:40
415
ТШО шешімі Атырауды жарықсыз қалдыруы мүмкін. Депутат дабыл қақты tengizchevroil.com

Депутат Премьер-министрден мәселеге араласуды сұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Атырау жылу электр орталығын табиғи газбен қамтамасыз ету төңірегіндегі дағдарысқа байланысты Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, қабылданған шешімдер аймақтың бүкіл энергожүйесін тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін.

Көп жыл бойы Атырау ЖЭО өндірістік тұтынушы ретінде табиғи газды бөлшек нарықта жеңілдетілген шарттармен «Теңізшевройлдан» ЖШС тікелей сатып алып келген. Бұл келісім орталықтың электр және жылу өндіруіне негіз болған.

Алайда биыл сәуірде «Теңізшевройл» 2026 жылға арналған газ жеткізу келісімін ұзартудан бас тартатынын ресми хабарлаған. Компания бұған «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен жасалған ұзақ мерзімді келісімді себеп ретінде көрсеткен. Депутаттың бағалауынша, мұндай шешім Атырау қаласының жылумен қамту жүйесіне және өңірдің электр энергиясымен қамтамасыз етілуіне тікелей қауіп төндіреді.

Заңнамаға сәйкес, магистральдық газ құбырына қосылған өндірістік тұтынушы табиғи газды тек өндірушіден тікелей сатып алуға құқылы. Сонымен қатар, Атырау ЖЭО стратегиялық маңызы бар тауарларды, соның ішінде газды тек өндірушіден алу міндетін атқарады. Бұл талап «Газ және газбен жабдықтау туралы» және «Табиғи монополиялар туралы» заңдарда нақты жазылған.

Осы нормаларға қарамастан, газ жеткізуді өндірушіден алып, оны «QazaqGaz» немесе оның еншілес ұйымдарына беру – заңға қайшы. Мұндай тетік табиғи газдың бағасын едәуір өсіріп, тиісінше электр мен жылу тарифтерін күрт қымбаттатуы мүмкін. Алдын ала есеп бойынша, электр тарифі 40 пайыздан аса, жылу тарифі 90 пайызға дейін қымбаттауы ықтимал.

Бұл – Үкіметтің 2026 жылдың I тоқсанына дейін коммуналдық тарифтердің өсуін тоқтата тұру туралы шешіміне де тікелей қайшы келмек. Депутат жағдайды «Атырау облысының өмірлік маңызды инфрақұрылымына төнген нақты қауіп» деп атады.

Сауалда Премьер-министрден мына мәселелер бойынша нақты әрекет сұралды:

1. «Теңізшевройлдың» газ жеткізуді тоқтату туралы шешіміне құқықтық және экономикалық баға беру;

2. 2026 жылдан кейінгі келісімді ұзартудан бас тарту туралы компания шешімін қайта қарауға ықпал ету;

3. Тарифтердің өсуіне жол бермей, өңірдің энергожүйесін тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін шұғыл ведомствоаралық шаралар қабылдау.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды