513

УЕФА Темірлан Анарбековтің шешуші сейвін ең үздік деп таныды (ВИДЕО)

«Қайрат» қақпашысының «Копенгагенге» қарсы ойындағы сейві әлем назарына ілікті.

УЕФА Темірлан Анарбековтің шешуші сейвін ең үздік деп таныды (ВИДЕО)
instagram.com/anarbekov_temirlan77

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің «Копенгагенге» қарсы ойындағы шешуші сейві УЕФА-ның үздік құтқарулар тізіміне енді.

Лига чемпиондарының ресми Instagram парақшасы өткен ойын күніндегі ең әсерлі сейвтерден топтама жариялап, Анарбековтің эпизодын да қосқан. Видеода қақпашы дат клубының ойыншысы Дзюнносукэ Судзукидің екінші таймдағы қауіпті соққысын қайтарып тұрған сәті көрсетілген.

Жарияланған жазба астында қазақстандық жанкүйерлер белсенді пікір қалдырды. Посттың негізгі бөлігі – Анарбековке қолдау білдірген қазақ жанкүйерлерінің пікірлері.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының сырт алаңдағы матчында «Копенгагенге» 3:2 есебімен жол берген. Бұған қарамастан, Анарбековтің сейві күннің ең үздік эпизодтарының бірі саналды. Сонымен бірге Дастан Сәтпаев та турнирде бірқатар маңызды көрсеткішке қол жеткізді.

Материал авторы