460

Дастан Сәтпаев рекордсмен ретінде тағы да УЕФА тарихына кірді

Қазақ футболшысы үшінші рет Чемпиондар лигасының рекордтар тізімінде бой көрсетті.

Дастан Сәтпаев рекордсмен ретінде тағы да УЕФА тарихына кірді
t.me/@fc_kairat

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының «Қайрат» футбол клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев УЕФА Лигасының тарихына тағы бір елеулі жетістікпен енді.

Өткен ойында Сәтпаев Данияның «Копенгаген» клубына қарсы гол соғып, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол салған алғашқы қазақстандық футболшы атанды. Ол голын 17 жас 90 күнінде соққан, бұл оны турнир тарихындағы үшінші жас ойыншы ретінде енгізді. Ал ең жас авторлар қатарында Ансу Фати (17 жас 40 күн) мен Ламин Ямаль (17 жас 68 күн) бар.

Осылайша, Дастан Сатпаев биыл үшінші рет УЕФА тарихына енді. Бұған дейін ол Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас ойыншы және гол авторы ретінде танылған.

Материал авторы