422

Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілі міндетті пән боп бекітілді

Орыс тілін оқыту жүйелі түрде жүргізілмек.

Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілі міндетті пән боп бекітілді
livejournal.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Корея Халық Демократиялық Республикасында орыс тілі мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізілді. Енді оны оқыту төртінші сыныптан бастап жүргізіледі. Бұл туралы Ресей-КХДР арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық құқықтық комиссияның тең төрағасы, Ресейдің табиғи ресурстар министрі Александр Козлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресейде бүгінде небәрі үш мыңнан астам оқушы корей тілін мектеп пәні ретінде оқып жүр.

Козлов сондай-ақ 2026 жылы КХДР-дағы Ким Чхоль Чжу атындағы Педагогикалық университет базасында орыс тіліндегі Ашық білім беру орталығын іске қосу жоспарланып отырғанын айтты. Қазір орталықтың құрылысы жүріп жатыр.

Материал авторы