513

АҚШ-тың Грекиядағы елшісі ресми қабылдауға ашық көйлекпен келіп, дау тудырды

Үнемі назарда жүретін саясаткер тағы сынның астында қалды.

АҚШ-тың Грекиядағы елшісі ресми қабылдауға ашық көйлекпен келіп, дау тудырды
telegrafi.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Грекиядағы елшісі Кимберли Гилфойл американо-грек сауда палатасы өткізген Алғыс айту күніне арналған ресми қабылдауға мөлдір көйлекпен келіп, желі қолданушыларының арасында қызу талқылау тудырды. Бұл туралы Nexta жазды.

Әлеуметтік желідегі жазбада айтылғандай, кеш қонақтарының назары дипломаттың сөзіне емес, ашық үлгідегі көйлегіне ауған. Көпшілік мұны ресми дипломатиялық хаттамаға сай келмейді деп сынаса, енді бір бөлігі оның өзіне деген сенімін жоғары бағалаған.

Кимберли Гилфойл – АҚШ-та танымал тұлға. Ол — заңгер, Fox News-тің бұрынғы жүргізушісі, Калифорнияның бұрынғы губернаторы Гэвин Ньюсомның экс-жұбайы және Дональд Трамп-кішімен некеде болған. Қазіргі президент Дональд Трамп оны 2024 жылы Грекияға елші ретінде ұсынған, ал қызметіне ресми түрде 2025 жылдың қыркүйегінде кірісті.

Желіде Гилфойлдың киіміне қатысты пікір екіге жарылды: бір тарап оның стилін қолдаса, екіншілері мұны кәсіби этикаға қайшы қадам деп бағалап отыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор