Қазгидромет дабыл қақты: боран, тұман және көктайғақ қаупі бар

28.11.2025, 09:03
249
Қазгидромет дабыл қақты: боран, тұман және көктайғақ қаупі бар stock.adobe.com

Ел аумағында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет 28 қарашаға арналған бірқатар өңір бойынша жедел ескертулер жариялады. Күннің алғашқы жартысында елдің басым бөлігінде көру мүмкіндігін шектейтін тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын тіркелуі ықтимал.

Қарағанды облысы. Түнде және таңертең шығыс бөлігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Ұлытау облысы. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік пен шығыста тұман сақталады.

Маңғыстау облысы. Солтүстік, шығыс және орталық аумақтарда тұман күтіледі.

Қызылорда облысы. 28–30 қараша аралығында облыстың солтүстігі мен орталығында тұман сақталады. Қызылорда қаласында да осы күндері кей уақытта тұман түседі.

Атырау облысы. Түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік аудандарда тұман болады.

Абай облысы. Батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең шығыс пен оңтүстікте тұман түседі. Батыс және солтүстік-батыс бағыттан соққан жел күндіз солтүстік пен оңтүстікте 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы. Солтүстік, шығыс және оңтүстікте қар жауып, бұрқасын болады, көктайғақ түзіледі. Түнде және таңертең шығыс пен оңтүстікте тұман болады. Желдің батыс және солтүстік-батыс бағыттарынан соғатын екпіні күндіз батыс пен оңтүстікте 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысы. 28 қарашада облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында да тұман болады.

Ақмола облысы. Батыс, солтүстік және шығыста тұман сақталады.

Қостанай облысы. Солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы. Солтүстік және шығыс аудандарда аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман түседі. Солтүстік-батыс және батыс желінің екпіні солтүстік, шығыс және оңтүстік бағыттарда 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысы. Солтүстік пен шығыста тұман мен көктайғақ күтіледі. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман сақталады.

Жетісу облысы. 27-28 қарашада түнде және таңертең солтүстік бөлігі мен таулы аймақтарда тұман байқалады. Шығыста жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 17-22 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысы. 27-28 қарашада оңтүстік пен таулы аудандарда тұман түседі.

Жамбыл облысы. 26-28 қараша аралығында облыс аумағында кей уақытта тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, таулы аудандарда 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Тараз қаласында да осы күндері тұман күтіледі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды