Путин келер алдында Бішкек Украина елшілігін жасырып қойған (ФОТО)

28.11.2025, 09:54
719
Путин келер алдында Бішкек Украина елшілігін жасырып қойған (ФОТО) president.kg

Бішкектегі алып LED-экранның құпиясы ашылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бішкекте Украина елшілігі орналасқан ғимаратты алып LED-экранмен жауып тастады. Бұл құрылым Ресей президенті Владимир Путиннің Қырғызстан астанасына келуіне бірнеше күн қалғанда орнатылған.

Экран елшілікке қарама-қарсы, Қырғызстан президентінің жаңа резиденциясы «Ынтымак Ордоның» дәл жанында бой көтерген. Конструкция бірнеше қабат биіктігіндей, ал резиденция аумағынан экранның өзіне де, оның алдындағы көшеге де толық көрініс жоқ. Дегенмен құрылым Украина туын көзден тасалайтыны анық байқалады.

20 қарашада журналист Григорий Пырлик оның орнатылғанын хабарлап, фотоларын жариялаған. Экран Украина туы тұрған аумақты толық жауып тұр.


Григорий Пырлик суреті

Президент әкімшілігі экран ресми шараларды визуал тұрғыда сүйемелдеуге арналғанын мәлімдеді. Алайда бірқатар медиа оны Путиннің сапарымен тікелей байланыстырды. Украина елшілігінің кеңесшісі Денис Автономов та «байланыс бар екені көзге ұрып тұр» деген пікір білдірді.

Саяси сарапшы Турат Акимов «Азаттыққа» берген сұхбатында экранның пайда болуын Ресей президентін күзететін Федеральды күзет қызметінің талабы болуы мүмкін деп болжады. Оның айтуынша, арнайы қызмет өкілдері сапар алдында ауданның қауіпсіздігін тексеріп шығып, елшілік жағынан қауіп болуы ықтимал деп шешуі мүмкін.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады