156 млн теңгелік зергерлік бұйымдарды ұрлап қашқан күдікті Түркиядан ұсталды
Күдікті екі жылдан бері іздеуде болған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 156 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын жымқырды деп іздеуде болған күдікті Түркиядан елге жеткізілді. Интерполдың Қазақстандағы ұлттық бюросы берген сұрау бойынша 33 жастағы әйел Ыстамбұлда ұсталған. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді.
Тергеу мәліметінше, күдікті 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін елордадағы зергерлік дүкенде сатушы болып жүріп, қымбат бұйымдарды жасырын түрде алып шыққан. Залал көлемі небәрі 156 млн теңгеден асады.
ІІМ мәліметінше, 27 қарашада Түркия құқық қорғау органдарының көмегімен әйел Қазақстанға депортацияланып, елге келген бойда қамауға алынған.
Қылмыстық іс ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі («Ұрлық») бойынша тергеліп жатыр.
Материал авторы