«Самұрық-Қазынаға» аудит жүргізіліп, миллиардтаған тиімсіз шығын анықталды

28.11.2025, 11:07
298
«Самұрық-Қазынаға» аудит жүргізіліп, миллиардтаған тиімсіз шығын анықталды sk.kz

Қордағы 41 компания шығынға батқаны анықталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жоғары аудиторлық палата «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес ұйымдарындағы мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген кешенді аудиттің қорытындысын жариялады.

Тексеру стратегиялық басқару жүйесін бағалаумен қатар, Қордың корпоративтік орталық ретіндегі қызметін және «Қазатомөнеркәсіп», «Samruk-Kazyna Ondeu» секілді компанияларды қамтыды. Барлығы 18 заңды тұлға тексерілген. Сонымен бірге Парламент депутаттары мен азаматтардан түскен сауалдар да назарға алынған.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қор тобындағы компаниялардың кірісі 16,5 трлн теңгені, шоғырландырылған таза пайдасы 2,4 трлн теңгені құраған. Аудит қамтыған кезеңде холдинг мемлекетке небәрі 2,37 трлн теңге аударған: оның 779,9 млрд теңгесі дивидендтер, 1,6 трлн теңгесі активтерді бәсекелестік ортаға беру арқылы түскен. Бұдан бөлек, Қор Президент пен Үкімет тапсырмаларын орындауға 673 млрд теңге жұмсаған.

Сонымен бірге аудиторлар стратегиялық жоспарлау мен корпоративтік басқаруда айтарлықтай кемшіліктер анықтады. 2018–2021 жылдарға арналған трансформация бағдарламасы толық орындалмаған: шетелдік аналогтар деңгейіне жеткізу жоспарланған сегіз компанияның ешқайсысы бұл межеге жетпеген. Бағдарлама шеңберінде күтілген экономикалық тиімділік екі есеге жуық төмен – небәрі 154,5 млрд теңге.

Корпоративтік басқару жүйесінде әлсіз тұстар көп. Стратегиялық құжаттар уақытылы әзірленбеген, жоспарлы көрсеткіштер төмендетілген, холдингтің даму жоспарының орындалуына бақылау жеткіліксіз. Ақпараттық жүйелер де толық қалыптаспаған: пайдаланылатын жеті жүйенің төртеуі ғана жұмыс істейді, SAP BPC басқарушылық есеп жүйесі дұрыс істемейді, ал кей компаниялардың қаржылық есебі әлі де қолмен жүргізіледі.

Қордың ішкі нормативтік актілерін жаңарту да жүйелі түрде жүргізілмеген: олардың 15 пайызы қолданылмайды немесе күшін жоюды талап етеді. «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесі жанындағы бес комитеттің үшеуі жұмыс істемей тұр, Қор Басқармасы жанындағы жеті комитеттің екеуі 2024 жылдан бері жиналмаған.

Холдинг құрылымы шамадан тыс күрделі күйге түскені байқалады. Қор тобы 6 деңгейде орналасқан 326 компаниядан тұрады. 2020–2024 жылдары 23 компания жұмыс істемеген, ал өткен жылы 41 компания шығынмен аяқтаған. Бұл активтерді оңтайландыру және басқаруды күшейту қажеттігін айқын көрсетеді. 2020 жылдан 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі 175 инвестициялық жобаның тек 49-ы ғана іске қосылған.

Тексеру қорытындысында:

— 351,8 млн теңгенің қаржылық бұзушылығы,

— 122,2 млрд теңге көлеміндегі тиімсіз жоспарлау және қаражатты пайдалану фактілері,

— 119 жүйелік кемшілік анықталған.

Бірқатар материалдар әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға жолданды, ал жеке бұзушылықтар бойынша құжаттар құқық қорғау органдарына берілді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады