SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдемнің кешкі және түнгі шақыруларына төленетін тарифті көтеруді көздейтін жобаға бастамашы болды. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Жобада IV санаттағы (шұғыл емес) шақыруларға жұмсалған шығынды өтеу мөлшерін жұмыс уақытынан тыс кезеңдерде 340 теңгеден 360 теңгеге дейін арттыру ұсынылады. Бұл жедел жәрдем қызметтерінің ресурсын күшейтіп, азаматтарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді деп түсіндірді министрлік.
Ведомствоның пайымынша, тарифті қайта қарау — кешкі және түнгі уақытта, поликлиникалар жабық кезде, шақыруларға дер кезінде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған қадам.
Құжатта бұл өзгерістер жедел жәрдем жұмысының тиімділігін арттыруға, пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасын жақсартуға және бригадаларға түсетін өсіп отырған жүктемені жеңілдетуге ықпал етеді деп көрсетілген.
Жоба 28 қарашада жарияланған. Қоғамдық талқылау 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Алайда порталдағы алғашқы пікірлердің өзінде кей азаматтар құжаттың толық нұсқасы ұсынылмағанын айтып, сын білдірді.
RUS