Украина Президент әкімшілігінде тінту жүріп жатыр: тергеу Зеленскийдің айналасына жетті

28.11.2025, 14:32
1155
Украина Президент әкімшілігінде тінту жүріп жатыр: тергеу Зеленскийдің айналасына жетті president.gov.ua

Украина президенті кеңсесінің басшысы үйі мен кеңсесінде тінту жасалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украинадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу президент Владимир Зеленскийдің ең жақын шеңберіне дейін жетті.

28 қараша таңертең Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың үйі мен жұмыс кеңсесінде Украина Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы (ҰСЖҚБ) мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы прокуратура (САП) тергеушілері тінту жүргізді. Бұл туралы Ермактың өзі де растады.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары пәтеріне толық кіріп, процессуалдық әрекеттерге кедергі жасалмаған. «Адвокаттарым тергеушілермен жұмыс істеп жатыр. Мен тарапымнан толық ынтымақтастық көрсетілді», — деді ол.

«Украинская правда» дерегіне сүйенсек, тінтуге шамамен онға жуық арнайы қызмет қызметкері қатысқан. Кейін ҰСЖҚБ бұл деректі ресми растады және тінтулер санкцияланған тергеу аясында жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ермактың аты мемлекеттік «Энергоатом» компаниясындағы ірі сыбайлас жемқорлық ісінде аталды. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл схеманы президент Зеленскийдің серігі, кәсіпкер Тимур Миндич ұйымдастырған. Ол «Квартал 95» студиясының бұрынғы ықпалды серіктесі саналған, мемлекеттік лауазымы болмағанымен, президентке жақындығы арқылы энергетика және қорғаныс министрліктеріне ықпал еткен деп күдіктеледі.

Тергеу Миндичтің мердігерлерден келісімшарт сомасының 10–15 пайызын «откат» ретінде талап еткенін айтады. «Мидас» деп аталған операция барысында бес адам ұсталды: экс-вице-премьер Алексей Чернышов, энергетика министрінің кеңесшісі Игорь Миронюк және «Энергоатомның» топ-менеджері Дмитрий Басов бар. Бұл оқиғалар әділет министрі Герман Галущенко мен энергетика министрі Светлана Гринчуктың отставкаларымен жалғасты.

Миндич қамауға алынардан бір күн бұрын шетелге қашқан. БАҚ мәліметінше, ол Израильге кеткен болуы мүмкін. Оның және Галущенконың пәтерлерінен банк орамындағы кемі төрт миллион доллар табылған. Зеленский бірнеше күннен кейін министрлерді қызметтен босатып, Миндичке санкция енгізді. Дегенмен тергеу материалдарына қарағанда, бұған дейін президенттің өзі ҰСЖҚБ мен САП-тың бұл іске араласуын шектеуге тырысқан болуы мүмкін.

Депутат Ярослав Железняк Ермактың Миндичтің жасырын жазбаларында «Али-Баба» деген лақап атпен кездесетінін мәлімдеді. Бұны кейін басқа саясаткерлер де растады. Тінтуден кейін Ермактың отставкасына шақырулар естіле бастады. ҰСЖҚБ басшысы Семен Кривонос «Мидас» ісі кеңейе түсетінін айтқан.

Бұған қоса, бірнеше күн бұрын Украина Дональд Трамптың бейбітшілік жоспарына алдын ала келісім бергені белгілі болды. Батыс басылымдарына сенсек, украин делегациясы бұл келісімді Абу-Дабидегі кездесуде білдірген, ал нақты келіссөздер қараша айының соңына дейін жалғасады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды