Астанада қыздар автобустағы орын үшін төбелесті (ВИДЕО)
Әйел орын үшін соққыға жығылған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада қоғамдық автобустың ішінде екі әйел орын таласып, ашық төбелеске дейін барған. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қарағанда, жанжал кезінде жолаушылардың бірі басынан жарақат алған. Сол сәтте оның қасында тұрған кішкентай қызы қатты шошып қалғаны да айтылады.
Астана полициясы оқиғаны растап, түсініктеме берді. Тергеу мәліметінше, жанжал салондағы бос орынға байланысты басталып, 26 және 36 жастағы екі әйелдің арасында қол жұмсауға ұласқан.
Жарақат алған әйел полицияға арыз түсіріп, қарсы тарапқа шара қолдануды сұраған.
«ҚР ҚК-нің 108-1-бабы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тексеру жүріп жатыр», – деді Астана полициясы.
Материал авторы