Атырауда жекеменшік мектепте оқушы қыздың басы унитазға соғылып, жарылған

28.11.2025, 16:47
338
Атырауда жекеменшік мектепте оқушы қыздың басы унитазға соғылып, жарылған azh.kz

Мектеп қызметкерлері қанның ізін жуып тастаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атыраудағы жекеменшік мектептің 11-сынып оқушысы қатты жарақат алғаннан кейін, оқиға жасырылды деген айып та тағылып отыр. Мектеп басшылығы болса, тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы «Ақ Жайық» жазды.

Әлеуметтік желіде оқушының жарақаттанғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін дабыл көтерген — қыздың әпкесі. Оның айтуынша, сіңлісі мектептегі әжетханада басын унитазға соғып, ауыр жараланған. Желіде жарияланған суретте басы қанды таңғышпен оралған.

Айтуынша, оқиға орнындағы қан іздерін мектеп қызметкерлері жуып тастап, оқушылардан бұл туралы ешкімге айтпауды сұраған. Бастапқыда қыз да отбасына «тайып жығылдым» деп жалтарғанымен, кейін өз сыныптастарымен жанжалдасып қалған сәтте қатарластары итеріп жібергенін мойындаған.

Әпкесі мектептің сол күні ата-аналарға хабарласпағанын, сынып жетекшісі де, мектеп әкімшілігі де оқиға туралы тіс жармағанын айтады. Отбасы жағдайды тек кешкісін, басқа ата-анадан естіген.

Жарақат алған оқушының мінезі өзгеріп, ашылып сөйлесуден қашқақтағаны да туыстарының күдігін күшейткен.

Атырау облысының Білім басқармасы мектепте ішкі тергеу басталғанын растады. Олар қызметкерлердің әрекеті «дұрыс әрі жедел» болғанын алға тартады. Ведомство дерегінше, оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дереу дәрігерге бару ұсынылған, бірақ ол бауырымен бірге ғана баратындарын айтып, бастапқыда бас тартқан.

Басқарма мектепте қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатқанын хабарлады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды