1234

Қыстың алғашқы күнінде бірнеше облыста тұман қоюланып, көктайғақ болады

Еліміздің бірқатар өңіріне дауылды ескерту жарияланды.

Қыстың алғашқы күнінде бірнеше облыста тұман қоюланып, көктайғақ болады
РИА "Новости"

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірнеше өңірінде 1 желтоқсанда ауа райы күрт нашарлауы мүмкін. «Қазгидромет» бірқатар облыста тұман, бұрқасын және көктайғақ қаупі барын ескертті.

Ақтөбе облысы: түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында қою тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы: солтүстік пен орталықта 1 желтоқсанда тұман түседі.

Жетісу облысы: түнгі және таңертеңгі уақыттарда орталық аумақ тұманға оранып, Талдықорған қаласында да көріну төмендейді.

Абай облысы: солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік пен шығыс өңірлерін тұман басады.

Шығыс Қазақстан облысы: облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысы түгелдей дерлік тұманды болады.

Қостанай облысы: солтүстік, батыс және оңтүстік бағыттарда көріну шектеледі. Қостанай қаласында да тұман күтіледі.

Атырау облысы: түн мен таң арасында солтүстік пен батыс өңірінде тұман түседі.

Алматы облысы: батыс пен оңтүстікке қарай түнде және таңертең тұман сақталады.

Түркістан облысы: батыс, оңтүстік және таулы аудандарда тұман түседі. Түркістан қаласында да түнгі және таңғы уақытта көріну нашарлайды.

Жамбыл облысы: 1-2 желтоқсан күндері кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с жылдамдыққа дейін күшейеді. Таразда да осы аралықта тұман болады.

Ақмола облысы: солтүстік пен шығыста көктайғақ қаупі бар, тұман түседі.

Павлодар облысы: күндіз солтүстік пен шығыста көктайғақ байқалады.

Материал авторы