«Қазақ халқына құрметіміз өзгермейді»: Украина Қазақстанның наразылығына жауап қайтарды

01.12.2025, 08:54
3881
«Қазақ халқына құрметіміз өзгермейді»: Украина Қазақстанның наразылығына жауап қайтарды AP Photo / Carolyn Kaster

Каспийдегі шабуылдан кейін екі ел арасында дипломатиялық шиеленіс туған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Каспий құбыр консорциумы инфрақұрылымына жасалған шабуылға байланысты жасаған наразылығына Украина ресми түрде жауап берді. Киев Астананың алаңдаушылығын алғанын мәлімдеп, өз әрекеттерінің бағытын түсіндірді.

Украина Сыртқы істер министрлігі бұл операциялар Қазақстанға немесе өзге де мемлекеттерге қарсы емес екенін айтты. Мәлімдемеде барлық күш Ресейдің толыққанды әскери агрессиясына қарсы қорғанысқа жұмылдырылғаны атап өтілді. Киевтің айтуынша, әскери қимылдар БҰҰ Жарғысының 51-бабы бойынша өзін-өзі қорғау құқығына сүйенеді.

Украина ресейлік әскери-өнеркәсіптік әлеуетті әлсірету арқылы соғысты тоқтатуға тырысып жатқанын жеткізді. Қара теңіз аймағындағы тұрақсыздықтың бірден-бір көзі ретінде Ресей аталды.

Министрлік сонымен қатар Қазақстанның Ресейдің Украинадағы азаматтық нысандар мен энергетикалық инфрақұрылымға жасаған шабуылдарын айыптамағанын еске салды. Киев елдерді соғысты тоқтатуға ықпал етуге шақырды.

Мәлімдеме соңында Украина қазақ халқына деген құрметін және екі ел арасындағы тарихи байланыстарға сай, прагматикалық әрі достық қатынастарды дамытуға мүдделі екенін айтты.

«Қорытындылай келе, қазақ халқына деген өзгермес құрметімізді және халықтарымыз арасындағы тарихи тұрғыдан берік байланыстар деңгейіне сәйкес келетін, Қазақстан Республикасымен достық әрі прагматикалық қатынастарды дамытуға деген ұмтылысты растаймыз», - деді Украина СІМ.

Оқиға Каспий құбыр консорциумының акваториясында ВПУ-2 құрылғысы дроң-қайықтар шабуылынан зақымданғаннан кейін туындады. КҚК мұнай тиеуді тоқтатты, танкерлер аймақтан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазақстанның Энергетика министрлігі жағдайды түсіндіріп, Сыртқы істер министрлігі Украинаға ресми наразылық нотасын жолдаған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды