Семейде түнде кондуктор кішкентай баланы автобустан түсіріп жіберген

01.12.2025, 09:49
1269
Семейде түнде кондуктор кішкентай баланы автобустан түсіріп жіберген Абай облысының ПД

Интернеті жоқ деп, баланы жолда қалдырған кондуктор жазаланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысының полиция департаменті №22 бағыттағы автобуста болған оқиғаға қатысты тексеріс нәтижесін жариялады.

Instagram-дағы mysemey парағында жазылғандай, кәмелетке толмаған жолаушы жолақысын уақтылы төлей алмаған, себебі телефоны интернетке қосылмаған. Баланың байланыс қалпына келгенше күтуін сұрауына қарамастан, кондуктор оны түн мезгілінде күштеп түсірген.

Полицияның мәліметінше, оқиға 24 қараша 2025 жылы болған. Жасы он алтыға толмаған, ата-анасыз жалғыз келе жатқан баланы қоғамдық көліктен түсіру – тасымалдау ережелерінің тікелей бұзылуы.

Полиция департаменті кондуктордың әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  5 АЕК көлемінде айыппұл салынғанын мәлімдеді.

Ведомство мұндай әрекеттердің жол жүру талаптарына қайшы екенін атап өтті. Тасымалға қатысты профилактикалық жұмыс басталып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын күшейту талап етілді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады