Украина мен АҚШ бейбіт келісімнің даулы тұстарын қайта қарады

01.12.2025, 10:45
3927
Украина мен АҚШ бейбіт келісімнің даулы тұстарын қайта қарады REUTERS/Shannon Stapleton/File Photo

Зеленский кадрлық өзгеріс енгізген сәтте Украина келіссөзге дайындалып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ пен Украина Ресеймен ықтимал бейбіт келісімге қатысты жаңа жоспарды талқылап, алда ұзақ әрі күрделі келіссөздер күтіп тұрғанын мәлімдеді. Кездесу жексенбі, 30 қараша күні Майамиде өтті.

Жиынға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Украина делегациясы қатысты. Бұл — апта соңында Рубио мен Ресей өкілдерінің, оның ішінде Владимир Путиннің, қатысуымен өтетін келіссөздер алдындағы дайындық.

Төрт сағатқа созылған жабық талқылауда тараптар АҚШ әзірлеген 28 тармақтан тұратын жоспарды қарады. Бұл құжат алғаш жарияланған кезде Украина мен бірқатар сарапшылардың сынына ұшыраған еді: жоспар украин армиясының санын шектеуді, елдің НАТО-ға кіруін бөгейтін нормаларды және 100 күн ішінде сайлау өткізуді қарастырған.

Жергілікті басылымдардың дерегінше, Майамидегі кездесуде сайлау мерзімі мен территориялық айырбас мәселелері де қозғалған. Алайда нақты қандай түзетулер қаралғаны жария етілмеді.

Кездесуден кейін Марко Рубио баспасөзге:

«Мәселе тек соғысты тоқтату шарттарында емес. Украинаға ұзақмерзімді қауіпсіздік пен өркендеуге кепіл болуы тиіс құрылым маңызды», — деді.

Украина Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Рустем Умеров АҚШ-қа қолдауы үшін алғыс білдіріп, осы сөздерімен АҚШ президенті Дональд Трамптың «Украина жеткілікті алғыс айтпайды» деген сын-ескертпесіне жанама жауап бергендей болды.

«АҚШ біздің уәжімізді тыңдайды, қолдайды және қасымызда жұмыс істеп жатыр», — деді ол.

Умеров Зеленскиймен тұрақты байланыста екенін атап өтіп, басты мақсат — Украина қауіпсіздігіне ұзақмерзімді кепіл алу екенін жеткізді:

«Біздің мақсат — мықты әрі өркендеген Украина. Бар маңызды мәселелер талқыланды, АҚШ үлкен қолдау көрсетті».

Келіссөздер Украинаның бір мезетте майдандағы қысыммен және өз ішіндегі жемқорлық дауымен күресіп жатқан кезеңіне тұспа-тұс келді. Бұған дейін Украина атынан негізгі келіссөздерді президент әкімшілігі басшысы Андрей Ермак жүргізген, алайда жұма күні Зеленский оның үйіндегі тінтуден кейін Ермакты қызметтен босатты.

Апта соңына қарай Марко Рубио, сондай-ақ арнайы өкіл Стив Уиткофф Ресей делегациясымен, оның ішінде Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды