4437

Алтыншы вице-премьер боп Аида Балаева тағайындалды

Тоқаев Мәдениет министрі Балаеваның лауазымын жоғарылатты.

Алтыншы вице-премьер боп Аида Балаева тағайындалды
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақорда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа кадрлық шешімін жариялады. Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Балаева – Мәдениет және ақпарат министрі вице-премьер қызметіне тағайындалды.

Бұл — Қазақстан Үкіметіндегі алтыншы вице-премьер лауазымы. Осылайша, Үкімет құрамындағы қазіргі вице-премьерлер тізімі мынадай болды:

— Роман Скляр – бірінші вице-премьер;
— Ғалымжан Қойшыбаев – вице-премьер, Үкімет Аппаратының басшысы;
— Қанат Бозымбаев – вице-премьер;
— Серік Жұманғарин – вице-премьер, Ұлттық экономика министрі;
— Жаслан Мәдиев – вице-премьер, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;
— Аида Балаева – вице-премьер, Мәдениет және ақпарат министрі.

Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.

1999 жылдан бері ақпарат, ішкі саясат және мемлекеттік басқару салаларында түрлі лауазым атқарды:

— Алматы облыстық ақпарат басқармасында жетекші және бас маман, бөлім меңгерушісі;
— Алматы қаласының ақпарат және қоғаммен келісім басқармасында бөлім басшысы;
— Алматы қаласы ішкі саясат құрылымында басшылық қызметтер;
— Астана қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы;
— Астана әкімінің орынбасары;
— Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісі;
— Президенттің көмекшісі;
— 2020–2022 жылдары ақпарат және қоғамдық даму министрі;
— 2022–2023 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары;
— 2023 жылғы қыркүйектен бастап – мәдениет және ақпарат министрі.

Жаңа жарлықпен Балаева осы ведомствоны басқара отырып, вице-премьер өкілеттігін де қоса атқарады.

Материал авторы