5466

Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың отбасы қара жамылды (ВИДЕО)

Қара жамылған отбасы қаза туралы Instagram желісінде жеткізді.

Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың отбасы қара жамылды (ВИДЕО)
instagram.com/nurgali_nusipzhanov_official

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші, Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың отбасы ауыр қайғымен қара жамылды. Бұл туралы әртіс Instagram парақшасында мәлімдеді.

Постта ол анаға деген құрмет пен сағынышын бөлісіп, оның өмір бойы халыққа қызмет еткенін, намаз бен дұғаларын ел амандығы үшін арнағанын атап өтті. Әртіс анасының жүрегі иманда, сөзі Құранмен үндес болғанын, мейірімі мен ықыласының жанында әрдайым сезілгенін жазды.

«Жадыраған жүзіңізге қарасам, жүрегім ауырады, көкірегіме ауыр сезім ұялады. Сіздің жайнамазыңыз бен тәспіңізді бір сипап, жапырағыңызға арналған жамылғыңызды құшақтап ұйықтаймыз», – деп бөлісті Нұрғали Нүсіпжанов.

Әнші өз жазбасында анасына деген сүйіспеншілігін, құрметін және сағынышын жеткізді, оның орнының ойсырап қалғанын жеткізді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор