Әйелді соққыға жыққан Қандыағаш әкімі қызметінен кететін болды

01.12.2025, 13:14
2808
Әйелді соққыға жыққан Қандыағаш әкімі қызметінен кететін болды time.kz

Әкім Қазбек Аққайырға қатысты шешім шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырға қатысты апелляциялық сот шешімі шыққаннан кейін, аудан басшылығы оны қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов мәлімдеді.

Қазбек Аққайыр биыл күзде «Ұрып-соғу» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 80 АЕК (314 560 теңге) көлемінде айыппұл салынған еді. Әкім үкіммен келіспей, апелляцияға жүгінді. Облыстық сот жаза мөлшерін 295 360 теңгеге дейін азайтты, бірақ жәбірленушінің өкіл шығындарын 300 000 теңгеге дейін өсірді.

Апелляциялық қаулыдан кейін аудандық әкімдік оны қызметтен босату процесін бастады.

Қазбек Аққайыр 2024 жылдың жазында Қандыағаш қаласының әкімі болып сайланған. Бұған дейін Талдысай ауылдық округін басқарған, ауданның сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған, сондай-ақ облыс әкімі аппаратында бас инспектор қызметін атқарған.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады