2616

Қояндыда ер адам екі мектеп оқушысын қағып кетті (ВИДЕО)

Жүргізуші түнгі ауысымнан кейін рөлге отырған күзетші екені белгілі болды.

Қояндыда ер адам екі мектеп оқушысын қағып кетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Қоянды ауылында таңғы уақытта екі мектеп оқушысы жол апатына түсті. Оқиға жексенбі күні сағат 7:30 шамасында мектеп жанындағы жарықтандырылған өткелде болған.

Instargram-парақша Nayza Kokshe таратқан мәліметке қарағанда, екеуі де жолдан заңды түрде өтіп бара жатқанда, көлік тікелей қағып өткен. Салдарынан оқушылар әртүрлі дәрежедегі жарақат алды: екеуінде де жабық бас-ми жарақаты мен сілкінісі анықталған. Бір қыздың көкірек қуысы мен іш тұсы зақымданып, жамбас буыны соғылған. Екіншісінің қолы жарақаттанған.

Парақша таратқан ақпарат бойынша, рөлде отырған ер адам – жеке фирмалардың бірінің күзетшісі. Ол түнгі ауысымнан қайтып келе жатып, жолда қалғып кеткен.

Ақмола облыстық ПД оқиғаны растады. 1 желтоқсанда «Ниссан Премьера» автокөлігінің жүргізушісі елді мекен ішіндегі жолда келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен.

Жараланған оқушылар ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Материал авторы