Жетісуда ер адамды пойыз қағып кетті (ВИДЕО)

01.12.2025, 17:12
2548
Жетісуда ер адамды пойыз қағып кетті (ВИДЕО) бейнежазбадан

Пойызды жедел тоқтату мүмкін болмаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысындағы Дос — Сарыөзек учаскесінде 30 қараша күні ауыр теміржол оқиғасы тіркелді. Грузовой пойыз жолда тұрған ер адамды қағып өтті. Оқиға 14:56-да болған.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, пойыз небәрі 43 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан. Машинист дабыл беріп, бірден жедел тежегішті іске қосқанымен, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған.

Алдын ала дерек бойынша, ер адам рельстің дәл үстінде тоқтап, дабылдарға жауап бермеген.

Салдарынан ол ауыр жарақат алып, Сарыөзек стансасындағы ауруханаға жеткізілді. 1989 жылғы тұрғынның денесінде көпжақты жарақат бар. Облыстық травматолог шұғыл тартылып, науқас сол күні операция жасатқан. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. 3 желтоқсанда талдықорғандық облыстық ауруханаға ауыстыру жоспарланған.

Пойыз қозғалысы 39 минутқа тоқтады және 15:35-те қайта іске қосылды.

Транспорттық полиция Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі («Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша мәлімет жарияланбайды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады