SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ел аймақтарында 2 желтоқсанда ауа райы тұрақсыз болады. Бір өңірде қалың тұман жолды бүркесе, екіншісінде көктайғақ пен екпінді жел тұрғындарды әбігерге салуы мүмкін. Қазгидромет берген ескертулер тізбегі төмендегідей.
Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы
Түнде және таңертең қалың тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен шығысында да көріну төмендейді.
Түркістан облысы және Түркістан қаласы
2–3 желтоқсанда облыстың батысы, оңтүстігі және таулы аумақтарын тұман басады. Қалада да таң алдында көру қабілеті күрт нашарлауы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысы және Петропавл
Күндіз облыстың батысында көктайғақ. Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде тұман күтіледі. Петропавлда да қою тұман түседі.
Атырау облысы
Түнде және таңертең батыс бөлікті тұман торлайды.
Ақмола облысы және Көкшетау
Көктайғақ кең тарайды: түнде солтүстік пен шығыста, күндіз батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда сақталады. Барлық бағытта тұман түседі. Көкшетауда да ауа ашылмайды.
Абай облысы
Түнде және таңертең шығыс пен оңтүстікте тұман. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз солтүстік пен орталықта 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман. Күндіз оңтүстік-шығыс бөлікте жел 15–20 м/с.
Қызылорда облысы және Қызылорда қаласы
Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман. Қалада да кей уақытта қою тұман түсуі ықтимал.
Батыс Қазақстан облысы және Орал
Батыс, солтүстік және шығыста тұман. Оралда да көріну төмендейді.
Алматы облысы
Түнде және таңертең оңтүстік өңірлер мен тау бөктерлерінде тұман күтіледі.
RUS