Салықтың жаңа тәртібі: кім жеңілдетілген режимде қалады, кім жалпыға өтеді?

02.12.2025, 09:38
4662
Салықтың жаңа тәртібі: кім жеңілдетілген режимде қалады, кім жалпыға өтеді? SMARTNEWS.KZ коллажы

Келер жылдан бастап Салық кодексі түбегейлі жаңарады. Бұл өзгеріс шағын бизнеске де, ірі ойыншыларға да тікелей әсер етеді. Себебі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлер үш түрлі режиммен жұмыс істейтін жаңа жүйеге көшеді.

Негізгі сұрақ – жеңілдетілген салық кімдерге қалады?

Жаңа ережеге сәйкес, экономикалық қызметтің 185 түрінің ішінен 44 санаты жалпыға ортақ, яғни күрделі салық тәртібіне міндеттелді. Осы санатқа кіргендерге «жеңілдетілген режиммен» жұмыс істеуге тыйым салынады. Қалғаны – жеңілдетілген нұсқамен жүре береді.

Жеңілдетілген салық қолдана алатын кәсіп түрлеріне мыналар кіреді:
– тұрғын үйлердің маңындағы дүкендер, шағын маркеттер;
– кофеханалар, кафелер, сұлулық салондары;
– тұрмыстық қызмет көрсету орындары – жөндеу, тазалау, сервис орталықтары;
– репетиторлар, фотографтар, студиялар, фрилансерлер, онлайн-қызмет ұсынушылар;
– акцизделмейтін, жанармай мен металлға қатысы жоқ өндіріс;
– тұрғын үйді жалға беру, сондай-ақ базарлар мен сауда орталықтарына жатпайтын кеңселер мен ғимараттарды жалға беру.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы режим

Жеке жұмыс істейтіндер үшін бөлек тәртіп енгізіледі. Тізімге 40-қа жуық қызмет түрі кіреді:

мал ұстау, сылақ жұмыстары, ағаш ұсталығы, еден төсеу, такси қызметі, курьерлік қызмет, үйді тазалау, аударма, ветеринария, тұрмыстық техникаларды жөндеу, аяқ киім, жиһаз, сағат, музыкалық аспап, велосипед жөндеу, үй шаруасына жалдану, шығармашылық қызмет және басқа да тұрмыстық бағыттар.

Күрделі салық тәртібі кімдерге міндетті болады?

Жалпыға ортақ, яғни күрделі режим ірі бизнеске тән:
– қаржы және сақтандыру секторы;
– акцизделетін өнім, жанармай айналымы;
– кәсіби қызметтер: консалтинг, маркетинг, аудит, бухгалтерлік сүйемелдеу, заң кеңесі;
– құрылыс және жылжымайтын мүлікпен операциялар;
– жер қойнауын пайдалану, металл өндіру;
– сауда базарларын, ірі сауда аймақтарын жалға немесе субарендаға беру.

Осы салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер жеңілдетілген жүйеге өте алмайды.

Қорыта айтқанда, жаңа модель үш бағыттан тұрады:

  1. жеңілдетілген режим;

  2. өзін-өзі қамтығандарға арналған арнайы тәртіп;

  3. орта және ірі бизнеске арналған жалпыға ортақ күрделі режим.

2026 жылдан бастап бизнес ландшафты айтарлықтай өзгереді. Сондықтан әр кәсіпкер өз санатын нақтылап алғаны абзал.

 

Авторы Серік Алдан

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді