1354

Алматы – Бішкек тасжолында болған ірі апаттан жеті адам көз жұмды

Жол апатынан бүкіл отбасы мерт болды.

Алматы – Бішкек тасжолында болған ірі апаттан жеті адам көз жұмды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы – Бішкек трассасының 129-шақырымында болған жол апаты жеті адамның өмірін қиды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Алдын ала дерекке сәйкес, Honda Odyssey маркалы көлік жүк көлігінің HOWO тіркемесімен соқтығысқан. Қатты соққыдан жеңіл автокөліктің жүргізушісі де, ішіндегі барлық жолаушы да оқиға орнында алған жарақатынан қаза тапты.

Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Материал авторы