Үш жастағы қыздың өлімі: Клиника директоры сотта жауап берді

02.12.2025, 10:54
2629
Үш жастағы қыздың өлімі: Клиника директоры сотта жауап берді сот отырысынан

Прокурор істің жаңа деректерін жария етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада ұзақ анестезиядан кейін көз жұмған үш жастағы баланың өліміне байланысты сот процесінде Dent Park Ortho клиникасының директоры Надежда Хоннан жауап алынды. Ол сотқа денсаулығына байланысты онлайн қосылды.

Хонның айтуынша, ол жұмысқа 13:38 шамасында келген. Киім ауыстыру кезінде-ақ дәрігерлер оған баланың наркоздан оянбай жатқанын хабарлаған.

«Маған пациенттің оянбай жатқаны айтылды. Сол сәтте бірден жедел жәрдем шақырылды. Өзім медициналық немесе реанимациялық көмек көрсеткен жоқпын», – деді клиника басшысы.

Сот барысында директордың 3 қазаннан бері қызметте екені, кадр қабылдау және жұмыстан шығару өкілеттігін иеленгені еске салынды.

Прокурор медбике Бушинаның міндетті сертификатсыз жұмыс істегенін атап, бұл қызметкерді кім қабылдағанын сұрады.

Хон оның жұмысқа қабылдануына қатысы жоғын айтып, «Бушинаны мен емес, бұрынғы директор мен басқарушы директор алған» деп жауап берді.

Айта кетейік, оқиға 2024 жылғы 30 қазанда болды. Талғат Құмаровтың айтуынша, қызы жоспарлы түрде седациямен тіс емдеткен. Анестезия ретінде «Севоран» қолданылған. Бала есін жимай, жүрегі тоқтап, миы ісінген. Реанимация нәтиже бермеген.

Прокурор Еркебұлан Шалқаровтың сөзіне қарағанда, жоспардан тыс тексеру кезінде клиникада анестезияға дайындық, кабинеттердің жабдықталуы, медициналық стандарттардың сақталуы бойынша өрескел кемшіліктер анықталған. Соның ішінде — шұғыл көмекке қажет жабдықтардың толық болмауы.

Қыздың әкесі мен отбасының адвокаты: егер талаптар сақталып, ұзақ седациямен барлық тісті бір сессияда емдеу тәжірибесі қолданылмаса, трагедияның алдын алуға болатын еді деп санайды.

Денсаулық сақтау министрлігі осы оқиғадан кейін стоматологияларды жаппай тексеру туралы шешім қабылдай ма — ведомствоның ұстанымы әзірге жарияланған жоқ.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды