3756

Депутат Ринат Зайытовтың отбасы қара жамылды

Хабарды Зайытовтың әріптесі Мақсат Толықбай жеткізді.

Депутат Ринат Зайытовтың отбасы қара жамылды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың анасы өмірден өтті. Қайғылы хабарды депутат әрі әріптесі Мақсат Толықбай әлеуметтік желіде жариялады.

Оның айтуынша, Зайытовтың анасының жаназасы мен жерлеу рәсімі Семей қаласында өтеді.

«Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаназа да, жерлеу де Семейде өтетінін жеткіземін», – деп жазды Толықбай.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор