SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда 11-сынып оқушысына дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық іс басталды. Бұл туралы «Мой Город» мәлімдеді.
Оқиға «Тағылым» жеке мектебінде болды. Оқушы дәретханада унитазға соғылып, ашық жарақат алған. Алғашында қыз өзі отбасына «тек тайып құладым» деп хабарлаған. Дегенмен, туыстары мектеп әкімшілігінің немесе сынып жетекшісінің онымен байланыспағанына наразы болды. Шын мәнінде, қызды өз құрбысы ұрғаны белгілі болды.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті де кәмелетке толмаған, оны заңды өкілдерімен бірге тергеген. Қыз ішкі істер органына есепке қойылып, материалдар кәмелетке толмағандар істері комиссиясында қаралатын болады.
Полиция барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Ал сынып жетекшісі мен мектеп директорының құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарламағаны үшін іс материалдары Атырау облысы білім сапасын бақылау департаментіне жолданады.
RUS