Жан Байжанбаевқа елеулі еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық алды
Жан Байжанбаев кино әлеміне сіңірген еңбегі үшін орден алды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі қазақстандық актер Жан Байжанбаев мемлекет тарапынан мәдениет пен өнер саласындағы еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапатталды.
Қуанышты жаңалықты продюсер Ерлан Бұхарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, өнер иесін құттықтады.
«Мемлекет мәдениет пен өнердегі елеулі еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зиялылық әлеуетін дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін сүйікті әртісіміз, театр және кино актері Жан Байжанбаевқа «Парасат» орденін табыстайды. Жан, Сізбен мақтанамыз және шығармашылық жолда жаңа жеңістер тілейміз», – деп жазды продюсер.
Актердің жетістігіне көпшілік қуанышын білдіріп, әлеуметтік желілерде құттықтау жазбалары жарияланды.
Материал авторы