3970

Қызылордада мектеп бухгалтері 52 млн теңге «жеп қойған»

Байқоңырдағы білім саласындағы қаржылық қылмыс әшкере болды.

Қызылордада мектеп бухгалтері 52 млн теңге «жеп қойған»
SMARTNEWS.KZ коллажы

 SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында мектептің бас бухгалтері мемлекеттік бюджеттің 52 миллион теңгесін жымқырғаны анықталды.

2022–2024 жылдар аралығында білім беру мекемелеріндегі бюджетті пайдалану заңдылығын тексеру барысында бухгалтер кейбір мұғалімдерге жалақы ретінде шын мәнінде жоқ сомаларды аударып, кейін сол ақшаны өз атына қайта аудартып келгені анықталған.

Сот шешімі бойынша бухгалтер кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, оның жазасының орындалуы бес жылға кейінге қалдырылды, себебі үйінде кәмелетке толмаған балалары бар.

Материал авторы