Павлодар әкімінің әпкесі мас күйде көлік жүргізгені үшін сотталды
Облыс әкімінің бауыры жазаланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Екібастұз қаласында судья Павлодар облысы әкімінің туған әпкесі Айгүл Байханованы мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартты. Сот оның жүргізуші куәлігін 7 жылға шектеді және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Оқиға бір ай бұрын орын алған. Полиция патрулі Hyundai Tucson маркалы автокөлікті тоқтатқанда, жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Наркологиялық сараптама жеңіл алкогольді мас күйді растады. Сол бойынша Қылмыстық кодекстің 608-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сотта Айгүл Байханова көліктің қозғалмағанын, тек ішінде отырғанын мәлімдеді. Оның сөзін жүргізуші ретінде өзін таныстырған ер адам да растаған. Алайда судья патруль қызметкерлерінің куәлігін ескеріп, көлік қозғалған деп шешім қабылдады.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.
Материал авторы