2992

Елдос Сметов келіншегіне құны 12 млн теңгеден асатын көлік сыйға тартты

Олимпиада чемпионы жарына тосынсый жасады.

Елдос Сметов келіншегіне құны 12 млн теңгеден асатын көлік сыйға тартты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов жұбайының туған күнінде оған жаңа көлік тарту етті.

Спортшы Instagram парақшасында бірнеше сторис жариялап, онда жұбайына автокөлік кілтін табыстаған сәт көрсетілген. Кадрларда отшашулар да көрінеді. Спортшының сыйлығы — Hyundai Mufasa маркалы автокөлік.

Айта кетейік, Сметовтің соңғы ірі жарысы — 2024 жылғы Париж Олимпиадасы. Ол онда 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған еді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор