Астанаға Жаңа жылдық безендіру үшін қанша миллион теңге бөлінді?
Елорданы мерекеге дайындау үшін қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Жаңа жылдық безендіру жұмыстары басталды. Қала әкімдігінің дерегінше, биыл елордада тұрғындар мен қонақтарға арналған тегін қысқы аймақтар көбейеді: мұз айдындары, сырғанақтар, шағын архитектуралық формалар, фотозоналар мен жарық инсталляциялары орнатылады.
Аудандарда әкімдік балансындағы жаңажылдық шыршалар қойылады. Қаланың бір бөлігі былтырғы мерекелік декорацияларды қайта қолданумен безендіріледі. Әкімдік бұл қадам бюджет шығынын оңтайландыруға мүмкіндік беретінін айтады.
Қоғамдық кеңістіктер арнайы шағын архитектуралық нысандармен және жарық композицияларымен әрленіп, қысқы демалыс атмосферасы жасалады.
Мерекелік рәсімдеу жұмыстары қала бюджеті мен демеушілер есебінен қаржыландырылады. Әкімдік қысқы безендіруге жалпы 365 млн теңге бөлген. Қаражат келесідей үлестіріледі:
Байқоңыр ауданына – 50 млн теңге
Сарайшық ауданына – 50 млн теңге
Сарыарқа ауданына – 50 млн теңге
Алматы ауданына – 50 млн теңге
Есіл ауданына – 90 млн теңге
Нұра ауданына – 75 млн теңге
Жаңа жылдық іс-шаралардың толық кестесі мереке жақындаған сайын әкімдіктің ресми сайтында жарияланады.
Материал авторы