836

Елордада 25-40 жас аралығындағы жүргізушілер жол ережесін жиі бұзады

Елордада 25-40 жас аралығындағы жүргізушілер жол ережесін жиі бұзады. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Астана қалалық Әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Тоғжұманов мәлім етті.

Елордада 25-40 жас аралығындағы жүргізушілер жол ережесін жиі бұзады
smartnews.kz

«Біз жол-көлік оқиғаларын жасаған, ереже бұзған адамдардың жас ерекшелігіне талдау жасаймыз. Елордада 25-40 жас аралығындағы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол ережесін көп бұзады. Ереже бұзу салдары ауыр зардаптарға әкеп соғып жатады. Оның ішінде ерлер де, әйелдер де бар», - деп жауап берді Бауыржан Тоғжұманов.

Сонымен бірге ол жыл басынан бері елорда аумағында 110 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тапқанын айтты. Бұған қоса, 123 адам әртүрлі дене жарақатын алған.