«Ертіс» клубы футболшылардың жалақысына қатысты дауға нүкте қойды

02.12.2025, 16:52
2750
«Ертіс» клубы футболшылардың жалақысына қатысты дауға нүкте қойды instagram.com/ertis_fk

FIFA-ға шағым дайындалып жатыр деген мәлімет тараған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Ертіс» футбол клубы әлеуметтік желілерде тараған жалақы дауына қатысты ресми мәлімдеме жасап, футболшылар мен клуб қызметкерлеріне қарыз жоқ екенін кесіп айтты.

Бұған дейін желіде клубтың жалақыны кешіктіргені, тіпті ойыншылардың FIFA-ға шағымдануға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Клуб бұл деректерді түгел жоққа шығарды.

Ресми хабарламада «Ертіс» футбол клубының алдындағы барлық қаржылық міндеттемелер толық әрі уақытылы орындалғаны атап өтілген. Футболшыларға да, жаттықтырушылар құрамына да, әкімшілік қызметкерлерге де бір теңге қарыз жоқ.

Клуб ойыншылардың халықаралық ұйымдарға шағымданбақ болғаны туралы сөзді де жалған деп мәлімдеді. Басшылықтың айтуынша, команда қалыпты режимде жұмыс істеп, жаңа маусымға дайындықты жалғастырып жатыр.

Әкімшілік жанкүйерлер мен БАҚ өкілдеріне тек ресми ақпаратқа сүйенуді сұрады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды