SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Еуропамен соғысуды жоспарлап отыр деген пікірлерді жоққа шығарды. Алайда, қажет жағдайда қарымта қайтаруға дайын екенін айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Путинның айтуынша, Мәскеу соғыс бастау ниетін ұстанбайды, бірақ Еуропа тарапынан шабуыл жасалса, жауап беруге әзір.
Сондай-ақ Путин Еуропа елдерін Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты да сынға алды. Оның сөзінше, Еуропа мемлекеттері АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбіт келіссөздер жүргізуіне кедергі келтіріп отыр.
«Бүгінгі нәтижелер өздеріне де ұнамай отырғанын көрген соң, олар АҚШ әкімшілігіне де, президент Трампқа да бейбіт келіссөздерге қол жеткізуге мүмкіндік бермей жатыр. Өздері де келіссөзден бас тартты, Трампқа да бөгет жасап отыр. Оларда бейбіт күн тәртібі жоқ. Өйткені олар соғыс жағында», деді Путин.
Ресей басшысы Еуропа ұсынған өзгерістер бейбіт жоспарды іске асыруға емес, процессті бөгеуге бағытталғанын да атап өтті.
RUS