1809

Атырауда Amanat депутаты жұмысшыға қол жұмсаған (ВИДЕО)

Полиция оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Атырауда Amanat депутаты жұмысшыға қол жұмсаған (ВИДЕО)
@gosrating бейнежазбасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде тараған бейнежазба қоғамның назарын аударды. Онда Жылыой ауданынан сайланған «Amanat» партиясының депутаты делінген ер адам жұмысшыны бірнеше рет қол жұмсағаны көрінеді. Видео «Письма президенту» Telegram-арнасында жарияланған соң жылдам тарады.

Куәгерлердің айтуынша, жанжал өндірістегі мәселеден туған болуы мүмкін, бірақ оқиғаның толық мән-жайы әзірге анық емес.

Полиция оқиғаның 29 қазанда болғанын растады. Құқық қорғау органдары бейнежазбадағы ер адамға қатысты шара қолданылғанын мәлімдеді. Сонымен бірге ведомство видеодағы тұлғаның депутат екеніне қатысты ақпаратты да жоққа шығармады.

Жәбірленуші тарап арыз жазудан бас тартқан. Медициналық көмек те сұрамаған. 

Материал авторы