Ерлан Қошанов министрлердің жауаптарына көңілі толмай, сынға алды

03.12.2025, 13:50
2286
Ерлан Қошанов министрлердің жауаптарына көңілі толмай, сынға алды @mazhilis_kz

Қошанов депутаттардың көтерген сұрақтарының артында халықтың талап-тілегі жатқанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов үкімет мүшелерінің депутаттардың сұрақтарына берген жауабы оны қанағаттандырмағанын айтты.

Бүгін Мәжілісте вице-премьер Қанат Бозымбаев депутаттардың өңірлік сапарлары кезінде азаматтардан түскен өтініштердің қаралуы жөнінде есеп берді. Басқа министрлер де жауап беруге қатысқанымен, олардың айтқандары Мәжіліс төрағасын қанағаттандырмаған.

Қошановтың сөзінше, кей сұрақтарға берілген жауаптар сенімді болмаған. Ол депутат сұрақтарының артында халықтың нақты мәселелері тұрғанын еске салды:

«Бүгін шынында да көп сұрақ қойылды. Көп ұсыныстар айтылды, талқыланды егжей-тегжейлі. Десе де бүгін біраз сұраққа Үкімет тарапынан берілген жауаптар әрине, мардымсыз болғанын атап айту керек. Нақты сұрақтарға көбіне сырғытпа, жалпылама жауаптар берілді. Нақты істерді көрсете алмады. Ол туралы жаңа фракцияның жетекшілері өз сөйлеген сөздерінде қатты сынға алып, осының бәрін атап өтті.

Қанат Алдабергенұлы (вице-премьер - ред.), бұл сұрақтардың барлығы өңірлерге барып келгеннен кейін Үкіметке, Премьер-министрдің атына жіберген болатынбыз. Мұның бәрі - тұрғындардың мыңдаған сұрақ, талап-тілектері. Өкінішке орай, мардымды жауап ала алмадық. Бірақ бүгін біз осы мәселелердің орындалу барысын қарап жатырмыз. Енді келесі жылдың басында тағы да кездесу болады. Онда біз осы мәселелердің нақты нәтижесін күтеміз. Өңірлерде мәселелер көп, шыны керек. Тұрғындар мен депутаттардың көтерген мәселелері байланысып жатыр», – деді спикер.

Сонымен қатар, Қошанов үкімет мүшелеріне өңірлерге барып, жергілікті деңгейде шешім қабылдауды міндеттеді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)