1745

Елімізде тағы бір фельдшер қаза тапты (ВИДЕО)

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты.

Елімізде тағы бір фельдшер қаза тапты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алатау ауданында тағы бір фельдшер қаза тапты. Сайын көшесінде жедел жәрдем көлігі мен Kia жеңіл автокөлігі соқтығысып, салдарынан медициналық қызметкердің өмірі қиылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігі бұрылыс жасап жатқан сәтте, Сайын бойымен оңтүстік бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік қатты соққы берген.

Апаттан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алды. Ең ауыр жараланған – 2002 жылы туған жедел жәрдем фельдшері. Дәрігерлердің бірнеше сағаттық әрекетіне қарамастан, ол ауруханада көз жұмды.

Қазір оқиға фактісі бойынша адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін Астанада 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан да қайғылы жағдайда қаза тапқан еді. Ол 8 қарашада тұрғын үй кешеніндегі қасбеттің құлауы кезінде ауыр жарақат алып, кейін көз жұмған.

Материал авторы