1842

Өскеменде қолында пышағы бар қансырап жүрген жігіт жұртты шошытты (ВИДЕО)

Ер адам пышақпен жүгіріп жүріп, полицияға ұсталды.

Өскеменде қолында пышағы бар қансырап жүрген жігіт жұртты шошытты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскемендегі Протозанов көшесінің бойында қанды жарақаттанған ер адамның қолына пышақ ұстап жүгіріп жүрген сәті қала тұрғындарын шошытты. Куәгерлер оның әрекеті бақылаудан шығып бара жатқанын көріп, дереу полиция шақырған.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 25 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Полицияның алдын ала мәліметінше, ер адам мас күйінде болған және денесіндегі жарақаттарды өзі салған болуы мүмкін. Қолындағы пышақ тәркіленді, ал азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Қазір шығысқазақстандық полицейлер оқиғаның нақты мән-жайын анықтап жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор