695

Астанадағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы халықаралық олимпиададан жүлдегер атанды

«NURORDA» мектеп-лицейінің оқушысы IJSO 2025 халықаралық олимпиадасының қола медаль иегері атанды.

Астанадағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы халықаралық олимпиададан жүлдегер атанды
«NURORDA» мектеп-лицейі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиада (IJSO 2025) өз мәресіне жетті.

Беделді халықаралық зияткерлік сайысқа әлемнің 21 елінен 120-дан астам оқушы қатысты. Олимпиада аясында білім алушылар физика, химия және биология пәндері бойынша теориялық турлар мен тәжірибелік-эксперименттік кезеңдерден өтіп, талдау қабілеті мен практикалық дағдыларды талап ететін кешенді тапсырмаларды орындады.

Ауқымды олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, 6 медаль жеңіп алды.

Жүлдегерлер арасында Астана қаласының «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алпысбаев Тимур қола медальға ие болды.