Ел бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын: синоптиктер шұғыл хабарлама таратты
Қазақстанның бірнеше өңіріне дауылды ескерту жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның синоптиктері 4 желтоқсанға арналған кең ауқымды дауылды ескертулер тізімін жариялады. Ауа райының күрт құбылуы бірқатар өңірде тұман, көктайғақ, бұрқасын және қатты жел түрінде байқалуы мүмкін.
Астана қаласында 4 желтоқсанда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең өңірдің солтүстік-батысы мен орталығында тұман күтіледі.
Атырау облысында түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік, батыс және шығыс бағыттарда тұман түспек.
Абай облысында күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ болжанған. Түнде және таңертең өңірдің батысы мен солтүстігінде тұман болады. Семейде күндіз көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысында түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар күтіледі. Солтүстік пен шығыста жаяу бұрқасын байқалады. Бірқатар аумақта тұман мен көктайғақ, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Көкшетауда да қар және бұрқасын болжанып отыр.
Ақтөбе облысында өңірдің батысы, шығысы және оңтүстігінде тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік пен оңтүстікте тұман. Өскеменде де көктайғақ болады.
Түркістан облысында солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарда тұман түседі. Таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде тұман байқалады. Оралда да жағдай сондай.
Қызылорда облысында күндіз оңтүстікте көктайғақ, солтүстік пен орталықта тұман күтіледі. Қызылорда қаласында да тұман түсуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және жаяу бұрқасын болжанып отыр. Желдің екпіні кей аумақта 23 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда да осындай қолайсыздықтар күтіледі.
Қостанай облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыста көктайғақ, облыс аумағында тұман. Қостанай қаласында да көрініс сондай.
Ұлытау облысында солтүстік, шығыс және орталық бөліктерді тұман басады. Жезқазғанда да көріну төмендейді.
Қарағанды облысында түнде қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз солтүстік пен шығыста көктайғақ сақталады. Бірқатар ауданда тұман, жел екпіні 15–18 м/с. Қарағанды қаласында түнгі уақытта қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ күтіліп отыр. Жел күшейеді, екпіні 15–20 м/с. Павлодарда да күндіз дәл осындай жағдай болады.
Жамбыл облысында 3–4 желтоқсанда кей уақытта тұман болжанған. Таулы аудандарда желдің күші 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Таразда да көріну төмендейтін уақыттар болады.
Материал авторы