«Қоңыз қосылған тамақ»: СҚО-да барлық мектеп асханасы жаппай тексеріліп жатыр

04.12.2025, 09:36
700
«Қоңыз қосылған тамақ»: СҚО-да барлық мектеп асханасы жаппай тексеріліп жатыр @halyqstan

Жәндіктер шыққан компот пен макарон оқиғасынан кейін бақылау күшейді

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында мектеп асханаларына жаппай тексеріс басталды. Бұған Петропавлдағы гимназиялардың бірінде оқушылардың тамақтан жәндіктер тауып алу оқиғасы себеп болды.

КТК телеарнасының хабарлауынша, балалар компот пен макароннан өлі жәндіктерді көрген соң ата-аналар дабыл қаққан. Осыдан кейін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барлық мектеп асханасын шұғыл тексеруді тапсырды.

Облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанованың айтуынша, ата-аналардан тағам сапасына қатысты бірнеше шағым түскен. Соған байланысты өңірде бақылау күшейтіліп, арнайы ведомствоаралық комиссия жұмысқа кірісті.

Комиссия құрамында қоғамдық ұйым өкілдері, ата-аналар, дәрігерлер және білім бөлімдерінің қызметкерлері бар. Тексеру тобы мектептердегі құжаттардың талапқа сай жүргізілуін, асхананың санитарлық жағдайын, ыдыс-аяқтың тазалығын қарайды. Ал тағам блогына кіру құқығы бракераж комиссиясына ғана тиесілі.

Мамандар өңірдегі шамамен 300 мектепті аралап шығады. Жауаптылар тексеріс оқу жылының соңына дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Петропавлдағы жеке мектепте балаларға жәндіктері бар тағам берілгені туралы хабарланған. Кейін ата-аналар шағымынан соң Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының директоры қызметінен босатылды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді