1670

Қарағандыдағы инкассаторлық көлік соқтығысынан бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

Өртпен аяқталған жол апаты қылмыстық іске ұласты.

Қарағандыдағы инкассаторлық көлік соқтығысынан бір адам қаза тапты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында инкассаторлық көлік қатысқан аса ауыр жол апаты болды. Оқиға Қарқаралы – Қарағайлы автожолында тіркелді.

Облыстық полицияның мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан.

Полиция оқиғаның салдарын былай баяндады:

«Апат салдарынан 28 жастағы Lada Largus жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал оның 36 жастағы жолаушысы және Camry көлігін тізгіндеген 41 жастағы азамат жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді».

Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Camry жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Instagram-дағы vkaragande.kz парақшасы Lada Largus көлігінің Карқаралы аудандық «Қазпошта» бөлімшесіне тиесілі екенін хабарлады. Көлік инкассация бағытымен жүріп келе жатқан. Қатты соққыдан кейін Largus өртеніп кеткен. 

Материал авторы