1540

БҚО-да 17 жастағы студент есірткі курьеры ретінде ұсталды (ВИДЕО)

Жасөспірімнің қалтасынан 22 түйіншек есірткі табылды.

БҚО-да 17 жастағы студент есірткі курьеры ретінде ұсталды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында «Цифрлық сату» жедел шарасы кезінде есірткі таратуға қатысы бар деген күдікпен 17 жастағы студент ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы хабарлады.

Полицияның мәліметінше, жеке тінту барысында жасөспірімнің қалтасынан изолентамен оралған 22 түйіншек табылып, тәркіленген. Пакеттердің ішінде ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ болған.

Тергеу барысында студент екі айдан бері есірткіні жасырын сататын интернет-дүкендердің бірінде курьер болып жұмыс істегенін айтқан.

Қазір оның бұл заңсыз қызметке қалай тартылғаны және есірткі таратуды ұйымдастырған тұлғалардың кім екені анықталып жатыр. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда.

Бұған дейін де өңірде 258 келіден астам есірткі тәркіленгені хабарланған. 

Материал авторы