«Сіз Алматыда маятниктік қозғалыс бар екенін білесіз. Яғни, таңғы уақытта көліктер негізінен орталыққа, кешкі уақытта кері бағытта жүреді. Менің идеям мынадай, көліктерді таңертең орталыққа, ал кешкі уақытта кері бағытта көбікрек жіберу үшін бағдаршамдарды саралап басқару туралы», - деді қала тұрғыны.
Ерболат Досаев әкімдік бұл мәселемен айналысып жатқанын жеткізді.
«Қала бір орнында тұрмайды. Біз қазір екінші кезеңмен айналысып жатырмыз. Жыл соңына дейін оның бет-бейнесі де белгілі болып қалар. Мен басқаруда жасанды интеллектіні қолдану мәселесін айтып отырмын. Бағдаршамдардың жұмысына байланысты мұндай озық тәжірибе тек Алматыда ғана бар деуге болмайды. Яғни, трафиктік сағаттар кезінде бағдаршам арқылы бағыттарды өзгерту жиілігі жасанды түрде басқарылатын болады», - деді ол.
Ерболат Досаев, сондай-ақ, тұрғынның айтқан ұсынысын қабылдап, оны қарастыратынын айтты.