Шымкентте автобус жүргізушісін ұрып-соққан жасөспірім жазадан құтылды

Азиз Қалижан Редактор
04.12.2025, 11:24
1508
Шымкентте автобус жүргізушісін ұрып-соққан жасөспірім жазадан құтылды pixabay.com

Бозбала алғашында қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша айыпталған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласындағы арнайы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық сотта автобустың жүргізушісін соққыға жығып, ауыр дене жарақатын келтірген күдікті жасөспірімнің ісі қаралды. Алғашында ол «қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша айыпталса да, прокурор сот барысында айыпты «абайсызда ауыр зиян келтіру» деп өзгертті.

Сот анықтағандай, 2025 жылдың 12 маусымында 52-автобустың жолаушысы болған жасөспірім «Бекжан» аялдамасында автобусқа төлем жасамаған. Жүргізуші төлем жасауын талап еткенде, жасөспірім ашуланып, ақыры төлемін жасап бергенімен, жүргізушіні автобус ішінде «мәселені шығару үшін шық» деп айқайлаған. Жүргізуші автобусқа шыққанда жасөспірім оның аузын соққан, салдарынан ауыр дене жарақаты абайсызда келген.

Сотта жүргізушінің куәлігі, сот-медициналық сараптама қорытындылары және басқа да материалдар негізінде жасөспірімнің кінәсі дәлелденді.

Прокурор жасөспірімді кінәлі деп танып, сот процесінде тараптардың татуласуы мен келген зиянды өтеуі негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Жүргізуші мен жасөспірім прокурордың ұсынысына келісімін білдірді.

Сот жасөспірімді айыпты деп танып, іс тоқтатылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады